Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Оның үйінен балабақшаға дейінгі бағыт пысықталып, сондай-ақ таныстары мен көшеде ары-бері өткендерден сұрақ-жауап алынды.
Осымен үшінші күні полиция мен із кесушілер жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Екібастұз тұрғынын іздеп жатыр, деп хабарлады "Вита" іздеу қызметі. Ол баласын балабақшаға апарғаннан кейін жоғалып кеткен. Ер адам жұмысына бармаған. Бүгін гараждарды сүзіп шығамыз, кинологтар да сол арада жұмыс істейді. Іздеу жұмыстары, өкінішке қарай, әзірге нәтиже бермеді. Жоғалған адамды іздеу жұмыстары ары қарай жалғасуда.