Қазақстандық боксшы Мексикада қарсыласын нокаутқа түсірді
Қазақстандық боксшы Мексикада қарсыласын нокаутқа түсірді
5,453
оқылды
Жеңіл салмақта WBA International белбеуіне ие қазақстандық боксшы Евгений Павлов кезекті жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол Мексикада өткен бокс кешінде жергілікті Хесус Гомес Кинтанамен (11-7, 8 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек бесінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы кәсіпқойда сегізінші жеңіске жетті, оның алтауы нокаутпен. Ал карьерасында 11 жеңіске жеткен мексикалық болса, осымен қатарынан сегізінші рет жеңіліп отыр. Еске салайық, Павлов екінші орта салмақта абсолют чемпион мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен бір залда жаттыққан.