БҚО-да 15 жастағы жасөспірім оқ жарақатын алды

БҚО-да 15 жастағы жасөспірім оқ жарақатын алды

БҚО-да жасөспірім оқ жарақатын алып, дереу санавиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген, - деп жазады uralskweek.kz.

Оқиға төртінші қазанда Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылында орын алған. 15 жасар бала оқ жарақатын алды. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімге ішіне оқ тию диагнозы қойылған.

– Жалпы жағдайы тұрақты ауыр. Санавиация облыстық орталыққа балалар реаниматологының сүйемелдеуімен әуе көлігімен тасымалданды. Қазір облыстық көпсалалы балалар ауруханасында. Жағдай тұрақты, жақсару байқалуда,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.