«Қазгидрометтің» мәліметінше, атмосфералық фронт әсерінен Қазақстаның басым бөлігінде, күндіз елдің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауады. Елдің батысында ғана антициклон жотасы әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз Түркістан облысының тауларында нөсер жаңбыр жауады. Астанада көшпелі бұлт шығып, түнде және күндіз аздаған жаңбыр жауады. Батыстан жел соғады, күші – 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде – 0-2, күндіз 6-8 градус жылы болады. Алматыда көшпелі бұлт шығып кешкісін жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады күші – 2-7, күндіз екпіні – 12 м/с. Ауаның температурасы түнде – 10-12, күндіз 16-18 градус жылы болады. Шымкентте көшпелі бұлт шығып, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде – 8-10, күндіз 18-20 градус жылы болады.