Америка континенті орналасқан тектоникалық тақталардың батысқа жылжуынан Тынық мұхиты жыл сайын 2-3 сантиметрге кішірейіп жатыр. Ғалымдар тобы суперкомпьютерде модельдеу тәсілімен жаңа континенттің пайда болуын болжаған. Бұл туралы National Science Review журналына сілтеме жасаған Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_222674" align="aligncenter" > Фото Getty images агенттігінен алынды[/caption] Қазіргі әлем картасынан белгілі планетамыздың «портреті» 4,5 миллиард жыл бұрын мүлдем басқаша, алып суперконтинент формасында болды.
Адамзат қазір 335 миллион жыл бұрын пайда болып, динозаврлар дәуірінде бөлшектенген Пангеяның орнында өмір сүруде. Ал, алып жер массаларының жойылуы шамамен 600 миллион жыл сайын болатын құбылыс екен.[caption id="attachment_222677" align="aligncenter" > Пангеяның ыдырауынан Амасия суперконтинентінің пайда болуы.
Фото National Science Review сайтынан алынды[/caption] Аустралияның Нью Кертин мен Қытайдың Пекин университеттерінің ғалымдар тобы миллиондаған жылдар ішінде қандай жаңа суперконтинент пайда болуы мүмкін екенін зерттеген. Топтың жетекшісі доктор Чуан Хуан бастаған зерттеу тобы суперкомпьютердің көмегімен Жердің болашақ моделін жасап, жаңа континент шамамен 200 миллион жылдан кейін пайда болатынын анықтаған. Осы уақыт ішінде Тынық мұхиты толығымен жойылып, Солтүстік Америка Азиямен соқтығысады. [caption id="attachment_222679" align="aligncenter" > Амасияның 280 миллион жылдағы мүмкін бейнесі.
Фото Кертин университетінің сайтынан алынды[/caption]
Ғалымдар Тынық мұхитының немесе Үнді-Атлант мұхиттарының жойылуы нәтижесінде, жаңа суперконтинент пайда болады деген болжам жасады.Суперкомпьютерде модельдеу арқылы Хуан және оның әріптестері Жердің баяу салқындауы нәтижесінде мұхиттық литосфераның әлсірейтінін анықтады. [caption id="attachment_222680" align="aligncenter" > Фото Getty images агенттігінен алынды[/caption]
«Біздің зерттеулер мұхиттық литосфераның тұрақсыздығы суперконтиненттің қалай пайда болатынын анықтауда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Келесі суперконтинент Тынық мұхитының жабылуы арқылы ғана пайда болуы мүмкін», – дейді доктор Хуан.[caption id="attachment_222681" align="aligncenter" > Фото Getty images агенттігінен алынды[/caption]
«Бүгінгі Жер планетасы әр алуан экожүйелер мен адамзат мәдениетінен құралған 7 континенттен тұрады. Сондықтан бізге әлемді 200-300 миллион жылдан кейін елестету қызықты болды», – деп сөзін түйіндейді ғалым.Бұл зерттеудің арқасында планетаның шамамен 200-300 миллион жылдан кейін қандай болатынын елестетуге болады. Қазіргі 7 материктің орнына – Еуропа, Азия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида – сегізіншісі пайда болуы мүмкін. Ғалымдар оны Амазия деп атауды ұсынады.