Microsoft корпорациясы Windows 11 жүйесіндегі ондаған қатені мойындап, оларды түзету үшін арнайы жаңарту шығарды. Бұл туралы Aikyn.kz BleepingComputer порталының дерегіне сүйеніп хабарлайды.
Жаңартулар KB5018427 сериясымен белгіленген және онда операциялық жүйенің қауіпсіз жұмыс істеуіне бағытталған отызға жуық жақсарту мен түзету ұсынылады.[caption id="attachment_222689" align="aligncenter" width="1474"]
Корпорация инженерлері барлығы 30-ға жуық қатені түзеткен.Корпорация жаңарту барлық пайдаланушыларға қолжетімді екенін айтады. Жаңартуды жүктеу үшін операциялық жүйенің параметрлеріне өтіп, «Windows жаңарту орталығын» ашып, «Жаңартуларды тексеру» түймесін басу керек. [caption id="attachment_222690" align="aligncenter" width="1220"]
Бұған дейін де Windows 11 жүйесінің қолданыстағы 22H2 нұсқасын пайдаланушылар бірнеше рет сынға алған. Сондықтан қазан айында Microsoft жүйелік қателіктерді мойындап, пайдаланушылар үшін жаңартулар ұсынды.Сарапшы мамандар KB5018427 жаңартуында бұрыннан белгілі екі мәселе әлі де түзетілмегенін айтады. Бұл – SMB арқылы файлдарды көшіру жылдамдығының төмендігі мен дайындық пакеттері дұрыс жұмыс істемеуі. Мамандар бұдан басқа Microsoft қыркүйектегі KB5017389 жаңартуында 22 қатені түзеткенін де айтып отыр.