Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: tengrinews.kz
«Қазгидромет» 18-20 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжам бойынша, атлантикалық циклон әсерінен және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы күндері республиканың басым бөлігінде, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр жауады. Түнде Қазақстанның солтүстік жартысында қар жауады деп күтіледі. Жел күшейіп, батыста, шығыста, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман түседі. Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды: батыста, солтүстік-батыста түнде 3-8 градус жылы, күндіз 10-20 градус; солтүстікте түнде 2-7 градус жылы, күндіз 7-12 градус; орталықта 3-8 градус жылы, күндіз 5-19 градус; шығыста түнде 5 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін ауытқиды, күндіз 5-13 градус; оңтүстікте түнде 2-7 градус жылы, күндіз 10-20 градус; оңтүстік-шығыста түнде 5-7 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5-15 градус жылы болады.