Павлодардағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
Павлодардағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
© halyq-uni.kz
769
оқылды
Павлодардағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz порталы.
16 қазанда сағат 00:54-те Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын қарау кезінде инспектор Марал Артықбаева Усолка шағын ауданындағы мейрамханалардың біріне қарама-қарсы жерде төбелес болып жатқанын байқады. Дереу көрсетілген мекенжайға автопатруль жіберілді.
– Келген полицейлер жанжалдың барлық қатысушыларын ұстады. Олардың жеке басын анытау және осы бұзушылықтың мән-жайын білу үшін Оңтүстік полиция бөліміне жеткізді. Сонымен қатар, ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 және 437-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді, – деді Павлодар қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.