Жамбыл облысында 5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Жамбыл облысында 5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
305
оқылды
Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өсімдік тектес есірткі құралдарын (марихуана, гашиш) дайындаумен, тасымалдаумен және еліміздің басқа өңірлеріне өткізумен (биыл мамыр айынан бастап) айналысатын Жамбыл облысы Шу ауданының 5 тұрғынынан тұратын қылмыстық топты құрықтады. 14 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық қатысушыларын бір мезгілде ұстау жүзеге асырылды. Тінту жүргізу нәтижесінде, жалпы салмағы 100 келiден асатын есірткі құралдарының (марихуана және гашиш) ірі партиясы, сондай-ақ Ақсу автоматы және 5,45 мм калибрлі 30-дан астам патрон тәркіленді. Аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу), ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) және ҚР ҚК 287-бабымен (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта ұсталғандардың барлығы ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұдан басқа, Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері биылғы жылдың 16 қазанында облыс орталығының аумағында Калашников автоматы, ТОЗ-63 қос ұңғылы аңшылық мылтығы, ИЖ-58 16 калибрлі қос ұңғылы мылтықтың және 5.45 калибрлі 90-нан астам патронның кесіндісі тәркіленген қару-жарақ қоймасын анықтады. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Жалпы, Жамбыл облысы ПД қызметкерлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 605 бірлік атыс қаруын тәркіледі. Оның 376-сы ІІО-нан ұрланған, ал 229 бірлігi өзге де қылмыстық қаруға жатады. https://www.youtube.com/watch?v=7L4ylSwmXUA