Ақмола облысында тергеуші жол апатынан көз жұмды
Ақмола облысында тергеуші жол апатынан көз жұмды
© jasqazaq.kz
164
оқылды
Ақмола облысында жол апаты салдарынан бір полиция қызметкері көз жұмды, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі. Қайғылы оқиға бүгін сағат 02:00 шамасында Ақкөл қаласында болған. Жол-көлік оқиғасынан Ақкөл аудандық полиция бөлімінің тергеушісі қаза тапқан.
"Алғашқы ақпарат бойынша, «Toyota Carina» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, «Seat Alhambra» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмып, шетелдік көліктің екі жолаушысы және екінші көліктің екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. «Seat Alhambra» маркалы автокөліктің жүргізушісі зардап шеккен жоқ", – делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, тергеуші қызметінен тыс уақытында өзінің жеке көлігімен жол апатына ұшыраған.