Абай университетінде Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент пен Жастар ісі жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Студенттер қатарына қабылдау» мерекелік іс-шарасы өтті.
«Студенттік өмір – адам өміріндегі өте маңызды кезең. Студенттеріміз кәсіби қалыптасуға қадам басып, өмірлік ұстанымдары мен қажеттіліктерін айқындайды. Әрі қарай даму үшін көптеген мүмкіндіктер ашылады. Қамсыз болашаққа қамдану бүгіннен басталуы керек», – деп атап өтті ректор.Дәстүрлі мереке бірінші курс студенттерінің шеруімен басталды. Үздік бірінші курс студенттерінің бірі ант қабылдап, білім кілті мен студенттік билетті алды.