Маңғыстаулық құсбегілердің салбурыны өтті
Маңғыстаулық құсбегілердің салбурыны өтті
450
оқылды
Маңғыстауда   «Адай ата - Отпан тау» кешенінде жергілікті саятшы, құсбегілердің қатысуымен болған дәстүрлі «Саятшылық – сал-серінің сарқыты» атты  этнографиялық шара болып өтті. Шараның мақсаты – қазақтың бекзат өнері әрі ұлттық спорты құсбегілік пен саятшылықты халық арасында насихаттау, оған жастар мен студенттердің, оқушылардың қызығушылығын арттыру, жалпы жұртшылық қатысатын ұлттық мерекеге айналдыру.    width= Құсбегілік пен саятшылыққа арналған салбурын аймақта  2013 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Салбурын — саятшылық және аң аулау кәсібінің бір түрі. Аң аулау маусымы кезінде аңшылар топталып, аңы мол жерлерге сапар шегеді.    width= Бұл жолғы салбурынға 30-ға жуық саятшылар мен аталмыш өнерге жаны құмар жандар, Маңғыстау туризм колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Сондай-ақ, облыс саятшыларымен қатар көрші Атырау облысының Құлсары қаласынан арнайылап Ордабаев Еламан Үшқара атты бүркітімен келді. «Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының көпшілік-экскурсия бөлімінің меңгерушісі Жомарт Айдарбек шараға қатысушыларға алғысын айта келе, шараның мақсаты мен маңызы туралы қысқаша айтып өтті. Өлкемізде өткен атақты аңшылар мен саятшылық, құсбегілік өнері туралы біраз тоқталып өтті. Шараға келушілерді саятшы, құсбегілермен таныстырады.    width= Сонымен қатар «Тазы. Төбет. Бөрібасар» ұлттық спорт федерациясы» РҚБ-нің Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жұлдызбай Қосмағамбетов, заңгері Еркін Бәлдеков пен республикалық  дәрежедегі төреші Әбунасыр Байжанақов қатысып, федерацияның қазақы тазы мен төбеттерді сұрыптау, тұқымын жаңғырту бағытындағы жұмыстары туралы айтып беріп, келушілерге арнап төбеттердің қысқаша жекпе-жегін өткізді. Саят қызығынан қарындары ашып, шөліркеген қонақтарға арнайы дастархан жайылып, самаурында бұрқ-бұрқ қайнаған, шоқ салғышта исі бұрқыраған күрең шәй, ыстық бауырсақ пен палау беріліп, ел- жұрт ыстық ықыласқа бөленді. Анаргүл Жексембай, Маңғыстау облысы