Тоқаев Туға қатысты челленджге қолдау білдірді

Тоқаев Туға қатысты челленджге қолдау білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев актер және тележүргізуші Нұрлан Қоянбаевтың Instagram желісіндегі Мемлекеттік Ту бейнеленген челленджіне қолдау білдірді.

«Көк туымыз мәңгі желбірей берсін!», – деп жазды Мемлекет басшысы.
Еске салсақ, продюсер Нұрлан Қоянбаев пікірлер саны бойынша әлемдік рекорд орнату мақсатында Мемлекеттік ту бейнеленген челленджді бастаған болатын.  Бүгінгі таңда Қазақстан туының суреті бар Instagram-дағы бұл жарияланым 13 млн 894 мың 392 пікір жинап үлгерген.