Ақылы жолдар саны артады

Ақылы жолдар саны артады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың хабарлауынша, Қазақстанда 2025 жылға дейін 11 мың шақырым тасжол ақылы болады.

«Қазір ақылы учаскелердің ұзындығы – 2 161 шақырым. Биыл жалпы төлемдер төрт миллиард теңге болды. Жалпы, 2025 жылға дейін жол учаскелерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталғанда, 11 мың шақырымға кезең-кезеңімен ақы төлеуді енгізу қарастырылады», – деді Өскенбаев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.
Министрліктің баспасөз қызметі 11 учаскеде төлем енгізілгенін түсіндірді: «Астана–Щучинск», «Астана–Теміртау», «Алматы–Қапшағай», «Ал­маты–Қорғас», «Қапшағай–Талдықорған», «Тараз–Қайнар», «Шымкент–Тараз», «Шымкент–Таш­кент», «Шымкент–Қызылорда», «Щучинск–Көк­шетау», «Астана–Павлодар». Жеңіл көліктер үшін тариф 1 шақырымға – 1 тең­ге, жүк көліктері үшін 1 шақырымға – 25 теңге.

А.ЖОЛДАС