Броконьерлермен күресу үшін инспекторларға катер берілді
Броконьерлермен күресу үшін инспекторларға катер берілді
Маңғыстау облысындағы «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» мекемесіне  «Теңізшевройл» мұнай мекемесі «Kazboat 42K» маркалы 2 катерді сыйға тартты. Табыстау шарасы Ақтау қаласындағы  «Бриз» яхт клубында өтті.    width= Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде» алты жергілікті маңызды қаумалдар бар. Солардың бірі – Каспий теңізімен шектесетін «Адамтас» қаумалы. Шектеу аумағы – 38 шақырым. Теңізге енген арал 0.4 аумағы бойында орналасқан. Аумаққа Кендірлі мүйісінің солтүстігіндегі ұсақ аралдар кіреді. Аталған аралда және теңіз аумағында республикалық дәрежедегі Кендірлі демалыс орны орналасқан. «Аталған жерлер Қызыл кітапқа енген итбалықтың шоғырланған аумағы боп саналады. Сонымен қатар, балықтар мен ерекше кездесетін суасты өсімдіктері бар. Көктемгі және күзгі мезгілдерде құстардың ұшып келуі мен ұшып кету аймағы болып та табылады. Қазіргі таңда және күні бүгінге дейін қаскөйлердің теңіз арқылы арнайы қайықтармен келіп, балықтарды заңсыз аулау фактілері көрініс тауып келеді. Алайда, инспекторлардың қарсы тұруына арнайы техникалардың болмауы қол байлау болды. Өлкенің флорасы мен фаунасын сақтап, қорғау бағытында қызмет етіп жүрген қызметкерлерге қол ұшын беріп, демеушілік көрсетіп жатқан компанияға алғыс айтамыз», – деді жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов. «Қызылсай» мекемесінің қызметі – тиісті ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесі мен өсімдік түрлерін қорғап, қоршаған ортаның бүлінбеуі мен браконьерлерге қарсы жұмыстар жүргізу болып табылады. Мекеменің құрамына 1 өңірлік парк және  жергілікті маңызы бар 6 қаумал кіреді. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен «Теңізшевройл» ЖШС арасындағы келіссөздер нәтижесінде  мұнай мекемесі тарапынан демеушілік көрсетіліп келеді. Кезекті берілген катер жылдам жүретін, ыстық пен суықта да теңіз бетіне шыға алатын көлік болғандықтан, броконьерлерді ауыздықтауға таптырмас құрал болып отыр. Шарада сөз сөйлеген компания өкілі Рзабек Артығалиев: «Теңізшевройл» компаниясы табиғат қорғау шараларына үлесін әлі де қосатын болады», – деді.

Анаргүл Жексембай, Маңғыстау облысы