Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов отбасында жапа шеккен әйелдердің мәселесін, дағдарыс орталықтары туралы айтты. Министрдің айтуынша, биыл отбасында зардап шеккен 7,5 мың әйел дағдарыс орталықтарына орналастырылды. Зардап шеккен әйелдерге 57 дағдарыс орталығында көмек көрсетіледі.
«Биыл полиция жапа шеккен, өмірден баз кешкен 7,5 мыңнан астам әйелді дағдарыс орталығына жіберді. Олардың 2 мыңнан астамы баспанаға орналасты. Мұндай орталықтардың саны жеткіліксіз. Мәселен, Шымкентте полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 11 мың хабарлама түскен. Қалада бір ғана дағдарыс орталығы бар. Атырау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында да осындай. Абай және Қызылорда облысында дағдарыс орталығы мүлдем жоқ», – деді Марат Ахметжанов.