«Темекі тауық» жеп көрдіңіз бе?
«Темекі тауық» жеп көрдіңіз бе?
481
оқылды
Орысша атауы – «цыпленок табака». «Цыпленокті» «тауық» деп, «табаканы» «темекі» деп аудара салған кім дерсіз? Мұндай «жөнсіз» аудармаларды іздесеңіз, кез келген сауда дүкендерінен қиналмай-ақ табасыз. «Живой кефирді» «тірі айран» деп, «лакированный колготкиді» «ит шұлық» дейтіндер де жетерлік.  width= Бүгінгі аударманың сиқы осындай. Осыдан бірнеше жыл бұрын «туфлялар аталық», «шыл­пылдақтар бала», «қыз балалар үшін сандалдар бала», «Шәлкелер аталық», «қорқақтар әйел­дер» деген секілді аудармаларға «жаға ұстап», «31 арна» тілшілері зар қаққан еді. Одан бері де бірнеше жыл өтті. Сәтсіз аудармалар әлі де көп. Тауар мәтініндегі қазақша сөйлемдерді оқи бастасаңыз, өзіңіз жаңылысып қаласыз. Мемлекеттік тілге жауапсыздық осындай олқылықтардан басталмай ма? Қазақша мәтіннің аударма деңгейі өзге тілдерден кем түспегені қатаң қадағаланса дейсің. Ал оған жауап беріп жатқан жауапты орган жоқ. [caption id="attachment_22329" align="alignright" width="262"] width= Сурет: Назгүл Ержанқызы[/caption]
Бұрын мұндай «жөнсіз» аудармалар үшін тіл басқармалары жауап беруі керек деп ойлайтын едік. Сөйтсек, қазір жауапкершілік өндірушінің өзінде екен. Мәселен, «Қызылжар-құс» «Темекі тауық» үшін өзі жауапты. «Қорқақ әйелдердің» де айыбы – өндірушіге байла­нысты.
Демек, сауда орталығындағы кез келген тауардан қате көрсеңіз, оған кінәліні сырттан іздеудің қажеті жоқ. Оған жауапты – тағы да өндіруші. Сонымен, тауар белгілеріне үңіліп көрейік.  width= Мәселен, «Золотое решето с солью» деп аталатын қытырлақ нан бар. Орысша мен ағыл­шынша нұсқаулығынан мін таба алмай­сыз. Ал қазақшасы... қатеден көз сүрінеді. Орысшадан тікелей аударма жасаған ба дерсің. «Гугл» аударып берсе де, таңғалмассыз.
Қараңыз: «Алтынның решето» тұз. Құрам: ұн бірінші сұрып наубай бидай, су, май күнбағыс тазартылған хош иісті, сироп инвертный, тұз, ылғалды қармаушы бидайдың клетчаткасының, ашытқылар құрғақ наубай... Ал түсініп көріңіз.
«Жем жануарларға арналған китекет сиыр етімен» дейді мысықтарға арналған өнімдердің сыртында. «Сливочное крестьянское» өнімін аударуға ерінсе керек, «крестьянское сары­майлы» дей салыпты. Ал«Сливочное тради­ционное» дегенді «дәстүрлі сарымайлы» деп алыпты. «Бонди» жевательный мармелад» өнімін «Шайналатын мармелад Бегемотик Бонди» дәрумендері деп салған. Дүкен аралап жүріп, «Мульти-пульти» деп аталатын әртүрлі түстері бар балалар ойын­шығына көзіміз түсті. Қазақша нұсқаулықта: «Дамыта оқыту карточка Үйренеріміз түсті Мульти-пульти ойын үшін арналған топтық және жеке сабақтар» деп жазылған мәтіннен бірнәрсе түсіне алдыңыз ба? Білікті маман ау­дармағанын бірден байқайсыз. Қалай болса, солай аударылған. Тыныс белгісі де жоқ. Ал орысшасына қарасаңыз, барлығы ұғынықты. Қазақша нұсқаулық тұрса болды деп ойлайтын шығар, шамасы. Құрығанда тыныс белгісіне жауапты қарауға болар еді. Ал асхананың сыртына ілінген тақтайшада: «Комплексные обеды» дегенді «Комплекс жұмыстары» деп аударғандарды да көз көрді. [caption id="attachment_22349" align="alignnone" width="780"] width= Сурет: Назгүл Ержанқызы[/caption] Шет тіліндегі тауарлардың мәтіні сауатты жазылады. Сауатты жазу мемлекеттік тілдегі мәтінде неге қате аударылады? Тілдің шұ­­барланып, тауар белгілерінің дұрыс жазыл­мауы­на кінәлі кім? Тауар өндіруші ме, сауда дүкендері ме? Кез келген тауардың сапасы, өнімнің шыққан уақыты, жарамдылығы тек­серіліп алы­нады. Ал тауардың сыртындағы «қазақшасы» үшін күресіп жүрген адам бар ма? Тілдің «жа­рамдылығы» неге ескерусіз қалып қояды? [caption id="attachment_22354" align="alignright" width="452"] width= Сурет: Назгүл Ержанқызы[/caption]
Көшеге ілініп қойған жарнама билборд­тарда қате кетсе, оны түзету үшін алдын ала ескерту жасалады. Ескерту берілгеннен кейін түзелмесе, айыппұл төлетуге міндетті. Ал ұсақ өнімдердің сыртындағы қате жазулар «ес­керусіз», «айыппұлсыз» қалып қоятын секілді.
Дос Көшімнің айтуынша, «Заң бойынша аудармалардың қарпіне дейін бір болуы керек» екен. «Ал бұл «қателіктерді» түзейтін, баға­лайтын өкілетті орган жоқ. Біздің заңымызда өкілетті орган – Тіл басқармасы. [caption id="attachment_22356" align="alignleft" width="446"] width= Сурет: Назгүл Ержанқызы[/caption]
Тіл бас­қармасының қо­лында ешқандай өкілет жоқ. Сондықтан біз прокуратураға айтамыз. Олар ол қағазды Тіл басқармасына жібереді. Қыс­қасы, бұл жерде кім жауап беретіні заң бо­йынша реттелмеген. Содан өндірушінің өзі біледі.
Мәселен, Францияда қоғамдық жер­лерде (сауда дүкендері, өндіруші) мемле­кеттік тілде қате жіберсе, сол ұйымның қожа­йыны 5 мың евро көлемінде айып­пұл төлеуге міндетті. Ешқандай сот ше­ші­мінсіз-ақ айып­пұл төлейді. Ал бізде ондай айып­пұл төлететін мүмкіндік жоқ», – дейді саясаткер.
Жарнама мәтіндерінде қате неден кетеді? Ірілі-ұсақты қатенің өріп жүруіне не себеп? Бұл тұрғыда аударма жасайтындардың білік­тілігіне көп нәрсе байланысты, әрине. Алайда мемлекеттік тұрғыда біраз нәрсе жасалмай қалды. Соның бірі – Қазақстандағы компьютер атаулыға мемлекеттік тілді жазып, қолдануға аса қажетті мәтіндік редактор функциясының енгізілмеуі дер едік. Мұндай функция ағыл­шын, орыс, тағы басқа көптеген тілде бар.
[caption id="attachment_22360" align="alignnone" width="780"] width= Сурет: Назгүл Ержанқызы[/caption] Ай­талық, сіз белгілі бір сөзді сол тілдерде қате жазсаңыз, компьютердің өзі сол қатені көр­сетіп, түзеп, жазу вариантын ұсынады. Қазақ тілінде бұл жоқ. Соның салдарынан небір өрес­кел қате кетіп жатады. Көрнекі жарна­ма­ларда сол қателер бадырайып көрініп тұрады. Әлгіндей бағдарлама енгізілсе, жарнама қателіктерін болдырмауға болар еді!
 width=Белгілі жазушы Бекболат Әдет бір кездері «жетім сөз, жөнсіз тіркестер» туралы: «Айттық-айттық та қайттық» дейтін емес, адам болған соң сол айтқандарыңнан ұрымтал зердеге қонақтап, там-тұмдап болса да нәтижесімен қуантарын қалайтының өтірік емес. Бірақ мына керенау-кердең заманда сөз қадірін білетін жандардың көрер көзге түгесіліп бара жатқанынан қорқасың.
Тәуелсіздіктің сонау бір елең-алаңындағы масайраудың жалыны қайтып, өмірдің бар саласын енжарлық пен салғырттық жайлағанының куәсі болып отырмыз. Ілгері басқан талабың тасқа тигендей боп кері кете берсе, солай болмағанда қайтсын-ай. Қайран Мөңке би бабамыздың: «Алашұбар тілің болады, дүдәмалдау дінің болады» дегені айна-қатесіз келіп тұр. Айтылған сөз бір құлағынан кірсе, екінші құлағынан шығатын ұрпақ өсіп келе ме дейтін дәркүмән күндер туды. Тек ақырын берсін дейік» деген екен.
Мөңке бидің «Алашұбар тілің болады» деген сөзі осы заманға тұспа-тұс келіп тұр-ау. «Темекі тауық» жеп, «ит шұлық» киіп жүргеніміз де сондықтан болар.
  Гүлзина БЕКТАС