Ресейде көпқабатты үйге әскери ұшақ құлап, 13 адам қаза тапты – видео

Ресейде көпқабатты үйге әскери ұшақ құлап, 13 адам қаза тапты – видео

Ресейде Ейск қаласында көпқабатты тұрғын үйге әскери ұшақ құлады. РИА Новости  мәліметінше, апаттан 13 адам қаза тапты.  Оның үшеуі бала.  Ресей денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Алексей Кузнецовтің айтуынша, апаттан 19 адам жарақат алды. Ресей қорғаныс министрлігі оқу-жаттығу кезінде Ейск қаласында Су-34 ұшағы құлағанын хабарлады. Ұшқыштар ұшақтан секірген.   Ұшақ құлаған үйдің ауласында жанармай тұтанып, өртке ұласқан. Мамандар апаттан 68 адамды құтқарып, 360 тұрғынды эвакуациялады.