COVID-тен қайтыс болғандай – Серік Аббас-шах Құнанбайдың құлпытасын сынады
COVID-тен қайтыс болғандай – Серік Аббас-шах Құнанбайдың құлпытасын сынады
Белгілі журналист Серік Аббас-шах   Абайдың әкесі Құнанбайдың құлпытасының қазіргі көрінісін әлеуметтік желіде жарияланды, – деп жазды  Caravan.kz медиа порталы. 
"Мына құлпытасқа қарасаңыз, Құнанбай қажы екі ғасыр бұрын емес, жақында ғана COVID-тен қайтыс болғандай әсер қалдырады екен. Ұлы Абайдың әкесінің басына осындай тас қою (дұрысы қоя салу) ұят-ақ. Осыған жауапты кісілер талғам, талап деген ұғымдардан жұрдай-ау деймін...", –  деп жазды журналист.
Бұл жазбаға қатысты желі қолданушылары да үнсіз қалмаған.
"Сөкеттігі жоқ. Өлген адам тасқа емес, Құранға мұқтаж ғой", "Абайдың әкесі деп қойған ба, ұят-ай. Қайсы Абай екенін кім білсін?", "Өлген адамның басына қала салудың қажеті жоқ", – деп жазды оқырмандар.