Астанада ресейліктерді соққыға жығып, тонаған күдіктілер ұсталды
Астанада ресейліктерді соққыға жығып, тонаған күдіктілер ұсталды
Фото: gov.kz
364
оқылды
Астанада екі ресейлікті хостелде ұрып-соғып,  ішімдік ішіп, жанжал шығарған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, хостел тұрғындары бірігіп көңіл көтерген. Төбелескендердің арасында екі Ресей азаматы да бар. Мигранттарды ұрып-соғып, ұялы телефондары мен ақшасын тартып алған. Екі күдікті ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұған дейін Ішкі істер министрі күн сайын қанша Ресей азаматы Қазақстанға келетінін нақты айтпағанын хабарлаған болатынбыз.