Алматыда ақылы автотұрақтың бұрынғы басшыларын қамау мерзімі ұзартылды
Алматыда ақылы автотұрақтың бұрынғы басшыларын қамау мерзімі ұзартылды
Фото: newsroom.kz
286
оқылды
Алматыда ақылы автотұрақтың бұрынғы басшылары қамауда отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Inbusiness-тің дерегінше, сот «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС-ның бұрынғы директоры Марат Принбеков пен AlanParking ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Мұхтар Базарбаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты. Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2022 жылғы 14 қазанда сот қаулысымен тергеу органдарының Принбековке қатысты қамауда ұстау мерзімін 15 қарашаға дейін 7 айға ұзартуға санкция беру туралы өтінішті қанағаттандырды. Сондай-ақ сот 2022 жылғы 23 қыркүйекте тергеу органдарының Базарбаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімін 7 айға, яғни 26 қазанға дейін ұзартты.