Астанада массаж салонында жыныстық қатынас қызметін көрсеткен массажист пен әкімші ұсталды

Астанада массаж салонында жыныстық қатынас қызметін көрсеткен массажист пен әкімші ұсталды

Астана полиция қызметкерлері боди-массаж салонын анықтады,  – деп хабарлайды Polisia.kz. “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы ауданы жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары боди-массаж салонында интимдік қызмет көрсету фактісін анықтады. Салондағы тоғыз массажистің бірі массаждан басқа, ниет білдірушілерге жыныстық қатынас қызметін көрсеткені анықталды. Құны 40 мың теңгеден асатын екі сағаттық релакс-массаждан басқа қосымша қызмет көрсету үшін клиенттерден 20 мың теңге алған. Үй-жайды тексеру кезінде полицейлер массажистен бөлек, салон қызметкерінің заңсыз әрекетін жасырған 24 жастағы әкімшіні ұстады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 450-бабы бойынша әкімшіге қатысты жезөкшелікпен айналысуға көрінеу үй-жайларды бергені үшін әкімшілік іс қозғалды, бұл 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ  боди-массаж салонының қызметі туралы ақпарат Астана қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.