1 қыркүйектен бастап студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өсті: 2025 жылға дейін жалғасады

1 қыркүйектен бастап студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өсті: 2025 жылға дейін жалғасады

1 қыркүйектен бастап студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өсті. Бұл үрдіс 2025 жылға дейін жалғасады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрліктің  Telegram каналында хабарлады. «Осы мүмкіндіктер сақталады. 2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіреміз. Келесі қыркүйектен бастап тағы 15%-ке, 20%-ке. Мақсатымыз – оқытушыларымыздың, профессорларымыздың, Ph докторанттарымыздың, студенттеріміздің шәкіртақыларын өсіріп, еңбек нарығындағы орташа және жоғары деңгейге келтіру. Неге десеңіздер, қазір  ұстаздардың жалақыcы өсті. Біз соңғы екі жылда 3 мыңнан астам профессорымызды жоғалтып алдық. Олар мектептерге кетті. Себебі мектепте жалақы жақсы», – деді министр.