"Канело" Қазақстаннан шығатын жаңа әлем чемпиондарын атады
"Канело" Қазақстаннан шығатын жаңа әлем чемпиондарын атады
663
оқылды
Мексикалық жұлдыз Сауль Канело Альварес қазақстандық спортшылар туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengri Sport. Желіде мексикалық спортшы Сауль Канело Альварес Suleimen Promotion компаниясы атынан шығатын қазақстандық боксшылармен кездесіп, олардың мүмкіндіктеріне баға беретін видео пайда болды. "Қазақстан! Олар – әлемнің әлеуетті чемпиондары. Үш чемпион", – деді Канело. Әңгіме үш боксшы туралы болып отыр. 23 жастағы Евгений Павлов екінші салмақта өнер көрсетіп, жеті жекпе-жекте де жеңіске жеткен (бесеуі мерзімінен бұрын). 25 жастағы орта салмақтағы Әбілхан Аманқұл маусымда АҚШ-та дебют жасап, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен. Ал 24 жастағы Бек Нұрмағанбет екі жыл ішінде өткізілген жеті жекпе-жекте жеңіске жеткен (бесеуі мерзімінен бұрын). "Канело сіздерді әлем чемпиондары деп атады. Бұл – Канело тарапынан үлкен марапат", – деді тілші қазақстандықтарға.