Елімізде көліктердің әйнегін қараңғылауға салынған тыйым қайта қарала ма?

Елімізде көліктердің әйнегін қараңғылауға салынған тыйым қайта қарала ма?

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға тыйым салу жүргізушілерге тәртіп сақтауға ықпал ететінін айтты.

"Ішкі істер министрлігі ғылыми негіздеме жүргізбейді, бірақ көлік әйнегін қараңғылауға тыйым күшінде. Алдыңғы терезелерді, алдыңғы бүйір терезелерді қараңғылауға тыйым салынады. Артқы бүйір терезелер мен артқы әйнектерге рұқсат етіледі. Бұл, әрине норма нақты қай жылы енгізілген... Сонда көптеген жүргізуші жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны ескерілді: қауіпсіздік белбеуі, ұялы телефонды пайдалану, алдыңғы жолаушы орындығына балаларды отырғызу, яғни жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, балаларын алып жүруі. Менің ойымша, басқа да себептер болды", – деп түсіндірді Жандос Мұраталиев.
Бұл ретте ол автокөлік жүргізушілері көліктің артқы жағындағы терезелерді қараңғылай алатынын атап өтті.