Павлодарлық полицейлер Астанада көлік ұрлағандарды ұстады
Павлодарлық полицейлер Астанада көлік ұрлағандарды ұстады
228
оқылды
Павлодарлық полицейлер тасжолда Астанадан келген көлік ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 18 қазанда Екібастұз полициясына Астанада ВАЗ-2191 көлігінің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Белгісіз адамдар ұрланған көлікпен Павлодарға қарай бет алған.
– Бұл хабарлама “Павлодар-Қызылорда” автожолында кезекшілік еткен барлық бекеттерге дереу берілді. Уақыт өте келе 129 шақырымға патрульдік полиция ротасының инспекторлары Төлеубай Құдайбергенов пен Арман Ғинаятов сипаттамаға сәйкес келетін автокөлікті байқады, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Азамат Күркебаев.
Тәртіп сақшыларының көлікті тоқтату талаптарын көлік жүргізушісі елемей, тек жылдамдықты арттыра берген. Полицейлер жүргізушіні тоқтату үшін жылдамдықты арттыруға тырысқан, алайда көлік келе жатқан жолаққа шығып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірді.