Қасым-Жомарт Тоқаев Құтқарушылар күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Құтқарушылар күнімен құттықтады
349
оқылды
Құрметті достар! Баршаңызды Қазақстан Республика­сының «Құтқарушы күні» кәсіби мереке­сімен құттықтаймын! Сіздер өз өміріңізді қатерге тігіп, үне­мі төтенше жағдайда жұмыс істеп жүр­сіз­дер. Бұл мәртебелі міндетті абы­рой­­мен атқарып келесіздер. Мамандыққа адалдық таныту, ерлікке жә­не кез келген сынаққа дайын болу – төтенше жағдай қызметі мамандарына қойы­латын басты талап. Табиғи және тех­ногенді апаттар кезінде, күнделікті сын сәтте сіздерге үлкен жауапкершілік жүк­теледі. Халқымыздың игілігі мен табиғаты­мыз­дың құндылықтарын түрлі қауіп-қатер­ден қорғап, бүгінге дейін мыңдаған адам­ның ғұмырын сақтап қалдыңыздар. Сондықтан ерен еңбектеріңіз ең жоғары ба­ғаға лайық. Сіздер алдағы уақытта да қызметтік борыш­тарыңызды мінсіз атқарып, ел ал­дын­дағы маңызды миссияны жалғас­тыра бересіздер деп сенемін. Жауапты жұмыстарыңызға табыс, от­басыларыңызға амандық тілеймін!