Атырауда тас тиелген вагондар рельстен шығып кетті
Атырауда тас тиелген вагондар рельстен шығып кетті
Фото: twitter.com
407
оқылды
Атырау облысында қиыршық тас тиелген үш жүк вагоны рельстен шығып кетті. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, оқиға кеше жергілікті уақытпен сағат 11:15-те болған. «Мақат ауданындағы Доссор стансасында «Dossor Processing Company» ЖШС-на тиесілі тоғыз вагонның үшеуі рельстен шығып кетті. Жүк вагондарын сүйреген тепловоз Мақаттан Доссор стансасына қарай жолға шыққан. Жүк пойызындағы тоғыз вагонның бәріне қиыршық тас тиелген. Бұл оқиға өзге пойыздардың кесте бойынша қозғалуына кедергі болған жоқ» делінген хабарламада. Зардап шеккендер жоқ.