Жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер Сәтбаевтағы атысқа қатысы бар 18 және 20 жастағы екі ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, оның бірі көлік жүргізсе, екіншісі болжам бойынша жәбірленушіге оқ атқан. Ұсталған екеуін тергеп жатыр. Ulytau Mall сауда үйінің алдында жас жігіттер сөзге келіп, ерегес соңы төбелеске ұласқан деген болжам бар. Оқиға орнынан автокөлікпен қашқан күдіктілердің бірі 24 жастағы азаматқа оқ атып, ол жерден ізін жасырған. Жәбірленуші оқ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-99-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жүргізіліп жатыр.