Қазақстанда тағы бір кәсіби мереке пайда болды
Қазақстанда тағы бір кәсіби мереке пайда болды
Фото: elorda.info
674
оқылды
Енді Қазақстанда кітапханашылардың кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Үкімет басшысының Кітапханашылар күнін бекіту туралы қаулысы шықты. Премьер-министр Әлихан Смайылов қаулыға қол қойды. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын: «38-1. Кітапханашы күні – 24 қазан». 2. Осы №833 қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов