Қонаевта студенттер үшін жатақхана салуға жер жеткілікті, пәтер жалдау да қымбат емес – Тоқаев
Қонаевта студенттер үшін жатақхана салуға жер жеткілікті, пәтер жалдау да қымбат емес – Тоқаев
Фото: rus.azattyq.org
379
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындармен жүздесіп, Қонаев қаласын дамыту жайында айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент Алматыдағы студенттер үшін жатақхана мәселесіне жеке тоқталды. «Әрине, жастардың Алматы сияқты ірі қалада оқып, жұмыс істегісі келетіні түсінікті. Дегенмен, Қонаев студенттер үшін өте ыңғайлы қала болар еді деп ойлаймын. Бұл жақта жатақхана салуға жер жеткілікті, пәтер жалдау да қымбат емес. Құзырлы министрлік Қонаев қаласында Алматыдағы жоғары оқу орындары мен колледждердің бөлімшесін ашу мәселесін қарастыруы керек. Сондай-ақ, жаңа заманауи университет ашу ісін ойластыруы қажет. Жалпы, әлемнің ірі университеттерінің көпшілігі ірі қалаларда емес, қаладан алшақтау жерлерде жайғасқан. Бұл жастардың алаңсыз білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін қажет. Осы қадам өңірдегі кадр тапшылығына байланысты түйткілдерді шешуге де зор септігін тигізеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, Президент Қонаев шаһарын «ақылды» қала ретінде дамытуға тапсырма берді.