Астанада жол талғамайтын көлік 16 жастағы қызды қағып кетті

Астанада жол талғамайтын көлік 16 жастағы қызды қағып кетті

Астанада жол талғамайтын көлік 16 жастағы қызды қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. 19 қазанда сағат 07:49-да Range Rover автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі Тұран даңғылы жағынан Е-32 көшесімен Е-15 көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 16 жастағы қыз бағдаршам жұмыс істемейтін белгіленген жерде жолдың жүріс бөлігін кесіп өтіп бара жатқан.

«Бүгін “СМЭУ Астана” ЖШС күнделікті тексеріп өту кезінде аталған қиылыстағы бағдаршам дизельді генераторлық құрылғының техникалық ақауы себебінен токтан ажыратылғаны анықталды. Тексеру барысында ақаулар жойылды және сағат 07:55-те бағдаршам токқа қосылды», - делінген хабарламада.
Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша анықтау жүргізіліп жатыр.