14 жастағы қазақ қызы Азияның бірінші ракеткасы атанды

14 жастағы қазақ қызы Азияның бірінші ракеткасы атанды

Азия теннис федерациясы 14 жасқа дейінгі ойыншылардың рейтингін жаңартты, – деп хабарлады olympic.kz. Топ-тізімді 14 жастағы қазақстандық Альбина Какенова бастады. Какенованың активінде 2722 ұпай бар. Мықтылардың Азиялық рейтингтің ондығына Ева Корышева (үшінші позиция), Ариана Гогулина (алтыншы), Сатима Тореген (жетінші) және Яна Штода (оныншы) кірді. Осылайша, 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия рейтингінің топ-10-да Қазақстанның бес өкілі бар.