Әлихан Смайылов балалары қайда оқитынын айтты
Әлихан Смайылов балалары қайда оқитынын айтты
Фото: primeminister.kz
451
оқылды
Премьер-министр Әлихан Смайылов балалары қайда оқитыны туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы кулуарында журналистер Үкімет басшысынан елдегі білім саласына сене ме деген сұрақ қойды. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Премьер-министрдің үш баласы бар. "Әрине, білім саласына да, денсаулық сақтау саласына да сенемін. Жеке өзім және жұбайым осында, Қазақстанда емделеміз. Мен өзім Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқығанмын, ал балаларым Астанадағы мемлекеттік мектепте оқиды", – деп жауап берді Әлихан Смайылов.