15 жастағы қазақ қызы әлем чемпионы атанды
15 жастағы қазақ қызы әлем чемпионы атанды
4,446
оқылды
Маңғыстаулық Гауһар Жанғазы 15 жасында әлем чемпионы атанды. 16-18 қазанда Түркияның Анталья қаласында өткен қол күресінен әлем чемпионаты өтті.
«Әлем чемпионатына 54 елдің үздік спортшылары қатысып, Гауһардың еңбегі ақталып, чемпион болды. Ендігі кезекте Гаухарды ересектер арасындағы жарыстарға дайындап, алдағы уақытта сол жарыстарда үздік нәтиже көрсету үшін жаттығамыз», – дейді спортшының бапкері Мұстафа Нарымбаев.
Гауһар Жанғазының спортпен айналысып жүргеніне 7-8 жылдай уақыт болды. Ол осы әлем чемпионатына 1 жыл дайындалған. Тыңғылықты жаттығудың арқасында әлем чемпионы атанды.
«Әлем чемпионаты өзіміз күткендей жоғары деңгейде өтті. Алға қойған мақсатыма жеткеніме қуаныштымын», – дейді Гауһар Жанғазы.