Бала саудалаған қазақстандыққа бұған дейін іздеу жарияланған. Tengrinews.kz-тің мәліметінше, бала саудалап қашып жүрген қазақстандық Кореяда ұсталды.
«Бұған дейін әйел қыз туып, оның құжаттарын қолдан жасап, биологиялық баласын үшінші тұлғаға беру үшін заңсыз операция жасаған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды», – делінген хабарламада.Оңтүстік Кореядан депортацияланып, Қазақстанға келгеннен кейін оны Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.