Кезбе жастар көбейді
Кезбе жастар көбейді
136
оқылды
Алматы облысының тәртіп сақшылары «Жасөспірім» жедел-сауықтыру шарасының үш күнінде кәмелетке толмағандар тарапынан болған 579 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Басқасын былай қойғанда, оның ішінде балалықтарына қарамастан, алкогольді ішімдік ішуге қатысты 13 дерек бар. Кәмелетке толмағандар ісі жө­нін­дегі инспекторлар түгелдей жұ­мыл­дырылған  «Жасөспірім» жедел-сауықтыру шарасын өткізу­дегі басты мақсат – кәмелетке тол­­ма­ғандар арасындағы және олар­­ға қатысты қылмыстар мен құ­қық­бұзушылықтардың алдын алу болатын. Өкінішке қарай, же­тісулық жасөспірімдердің ара­­сында телі-тентектер көп екені бел­гілі болды. Үш күн ішін­де по­­лиция қызметкерлері жер­гі­лікті  ішкі істер бөлімдеріне 497 жасөспірімді жеткізді. Осы де­ректердің денінде, нақтырақ айт­қанда, 400-інде  кәмелетке тол­­мағандар түн ортасынан таң­ға дейін өз беттерімен үй­ден бе­зіп, еш мақсатсыз көше кез­ген, қаңғы­бас­тыққа салынған. Олардың ара­сында арақ-шарап ішіп, мас күйін­де қоғамдық орын­дар­да жүргендер, жұрттың мазасын ал­ғандар да бар. Мұн­дай­дың соңы бұзақылыққа апарары анық. Оған аталған шара кезінде кәмелетке толмағандар тара­пынан болған үш бірдей бұза­қы­лықтың  тіркелгені дәлел бола алады. Алдын алу шарасы барысында об­лыс аумағындағы 900 көңіл кө­те­­ретін орын тексеріліп, бейім­деу ор­талығына 5 жасөспірім жет­кі­зі­л­іпті.   Болат АБАҒАН, Алматы облысы