Қызылордада тұрғын үйде газ жарылды
Қызылордада тұрғын үйде газ жарылды
Фото: mirtesen.ru
Қызылорда облысында тұрғын үйде табиғи газдың іркілісінен жарылыс болды. Бұл туралы Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Оқиға кеше сағат 22.44-те Қазалыдағы Алтынсарин көшесінде болды. Апатқа табиғи газ себеп болған.
«Оқиға салдарынан екі адамды күйік шалды. 1989 жылғы азаматтың басы мен оң қолы күйіп қалған. 1987 жылғы азаматтың басы, қолы мен денесін күйік шалды. Жарақат алғандарды ауруханаға жеткізді», – деді департамент өкілі.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 4 қызметкер және 1 техника барды.