Атырауда «Қазақстан темір жолы» компаниясы филиал директоры қамауға алынды
Атырауда «Қазақстан темір жолы» компаниясы филиал директоры қамауға алынды
© youtube.com
1,254
оқылды
«Қазақстан темір жолы» компаниясы, Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры «алаяқтық жасады» деген күдікпен ұсталды. BaigeNews.kz сайтының хабарлауынша, бұл туралы кәсіпкерлермен кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының Атырау облысы бойынша бірінші орынбасары Нұрлан Жахин айтты.
​ "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" Атырау магистральдық желі бөлімшесі ​ директоры Е.Сапаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы кәсіпкердің 1 500 000 теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп, сол арқылы алаяқтық жасады",-деп атап өтті Нұрлан Жахин.
Сапаровқа қатысты Атырау тергеу соты "қамауда ұстау" шарасын таңдады. «ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі» 201-бап, 1-бөлігіне сәйкес, өзге ​ ақпарат жария етілмейді.

Баян Жанұзақова