Бейбарыс сұлтан мешіті жөнделіп жатыр
Бейбарыс сұлтан мешіті жөнделіп жатыр
Каирдегі Бейбарыс сұлтан мешітін жөндеу жұмыстары биыл шілдеде аяқталады. Мешітті жөндеу құрылысы 2018 жылдың қазан айында басталған болатын. 2017 жылы екі елдің мәдени саласын бірлесе дамыту үшін XIII ғасырда Мысыр мен Си­рия­ны билеген атақты Бей­ба­рыс сұлтанның тарихи мұра­ла­­рына қатысты тақырып қоз­­­­­ғалған. Нәтижесінде, Каир қа­­ласындағы Бейбарыс сұлтан ме­шітін қалпына келтіру бойын­ша шешім қабылданған еді. Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев ел үкі­метіне және Мысырдың ежел­­гі ескерткіштер мен ту­ризм істері министрлігіне Каир қаласында Бейбарыс сұл­тан мешітін қайта жөндеп жат­қаны үшін алғыс білдірді. Мә­ліметтерге қарағанда, мешітті Arab Contractors құрылыс ком­паниясы жөндеп жатыр. Құ­ры­лысшылар жұмысты биыл жаз­да аяқтауға бекініп отыр. Египеттей алып елді 17 жыл бойы билеп, жалпы араб әлемін сақтап қалған Бейбарыс сұлтан 1223 жыл шамасында Атырау бойында туған. Тарихшылар сұлтанның тегі Беріш тай­па­сынан екенін жазып қалдыр­ған. Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев даңқ­ты тұлғаның ұлықталуы еліміз үшін зор мәртебе екенін атап өтті.   Мадияр ТӨЛЕУ