Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауына қатысып жатқан үміткер Салтанат Тұрсынбековаға кандидат куәлігін тапсырды. Орталық сайлау комиссиясында ҚР президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекованы тіркеу мәселесі қаралып, ОСК мүшелері үміткердің кандидатурасын қабылдау туралы шешім қабылдады.
«Орталық сайлау комиссиясының аппаратына Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованың ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді Қазақстан Халық банкіне арнаулы шотты ашу үшін дереу жіберуді және кандидаттың тіркелгені турлы хабарды БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованы ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеді», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.ОСК мәліметі бойынша, аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары ҚР президенттігіне кандидатты қолдауға сенім білдірілген адамдар еліміздің 18 өңірінде 119 316 азаматтың қолын жинағанын тіркеген. Оның ішінде 119 316 қол тексерілді, 118 434 сенімді деп танылды.