Астанаға шетелден Бақыт министрі келе жатыр
Астанаға шетелден Бақыт министрі келе жатыр
Қазан айының 26-сы мен 28-і аралығында Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында ең ауқымды халықаралық форум өтеді. Нобель лауреаттары, Халықаралық компаниялар басшылары, қоғамдағы көшбасшылар ең өзекті тақырыптарды қозғайды. Әлемге танымал көшбасшылар Астанаға жаңа үлгіде білім бермек. Қатысушыларға ресми форумдардан тыс ғылыми-танымдық TED Talk жүргізілетін болады. Спикерлер көрерменге мына тақырыптарда семинарлар өткізеді:
  1. Дағдарыс кезіндегі бақыт.
  2. Қазіргі жағдайымыз қаржылық күйзеліске дейін жете ме?
  3. Сәтсіз кездер қалайша инновация тудырады?
  4. Homofuturus: Адамзаттың басы ма, әлде аяғы ма?
  5. Шексіз ақыл-ой.
  6. Инновациялардың болашағы.
  7. Университеттер не үйретпейді?
  8. Рационалдықтың маңыздылығы неде?
  9. Жаһанданудың дағдарысы.
  10. Соғыс туралы сіз не білмедіңіз?
Форумға қатысатын спикерлер:
ТАВАКУЛЬ КАРМАН, 2011 жылғы бейбітшілік саласында Нобель сыйлығының иегері
ПОЛ МИЗЕНЕР, Инновациялық саясаттан Amazon президентінің орынбасары
РАЕ КВОН ЧУНГ 2007 жылғы бейбітшілік саласында Нобель сыйлығының иегері, БҰҰ Бас хатшысының климат жөніндегі кеңесшісі, Инчхон университетінің құрметті профессоры
КЕЙША ТОРП 2021 жылғы мұғалімдердің әлемдік сыйлығының иегері  
АРСЕН ТОМСКИЙ CEO InDriver  
ТИМ ДРЕЙПЕР АҚШ венчур бизнесінің қалаушысы, миллиардер
САЯСАТ НҰРБЕК Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
НҰРДӘУЛЕТ АЙДОСОВ JUSAN Bank бас атқарушы директоры
МАРТИН ВЕЗОВСКИ SAP глобалды корпорациясының бас футурологы
СТИВЕН ПИНКЕР Әлемге әйгілі нейропсихолог, Гарвард университетінің психология профессоры  
ДЖИНА ШОЛЕР Бақыт министрі, «Life Design: өмір өзгертуге 30 минут» бестселлерінің авторы
ЭШТОН ЭППЛУАЙТ Сарапшы, жазушы 
  Нобель фестивалінің басты серіктестерінің қатарында Coca-Cola, Jusan Банк, Altyn Qyran корпорациясы, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті бар. Анықтама: Нобель фестивалі – ең үлкен халықаралық бейкоммерциялық технология мен ғылыми-білім іс-шарасы. Nobel Fest міндеті – білімді және ғылымды бүкіл әлемнің түкпір-түкпіріне қолжетімді ету. Жыл сайын фестивальге 14 тен көп Нобель сыйлығының иегерлері, 14 Breakthrough Prize (Ғылыми Оскар) иегерлері, әлемдік жаңашылдар, 155 елден 500 университет қатысады. Өзіндік жайғастыруы арқылы, өткен Nobel Fest қазақстандық форумдардың арасында ең көп онлайн қатысушыларымен ерекшеленді. Жалпы саны – 500 000 адам. Қатысушылар саны бүкіл форумдардың қосындысынан да көп (Digital Bridge 2021 – 10 222, Astana finance days 2022 – 20 477). V Nobel Fest форумында қатысушылар саны 1 000 000 адамнан кем болмайды.