Алматы облысында көлік қағып кеткен анасы мен қызы сол жерде көз жұмды

Алматы облысында көлік қағып кеткен анасы мен қызы сол жерде көз жұмды

Алматы облысында жол жиегінде тұрған анасы мен қызын көлік қағып, мерт қылды, - деп хабарлайды Polisia.kz. «20 қазан күні сағат 09.50 шамасында Mercedes автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші «Алматы-Алатау» автожолымен батыс бағытта келе жатқан. Трассаның 4 шақырымында, Тұздыбастау ауылының маңында басып озу маневрін жасау кезінде рульге ие бола алмай қалып, жол жиегінде тұрған 28 жастағы әйел мен оның қызын қағып кетті.

"Жол-көлік апаты салдарынан Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны мен оның қызы оқиға орнында қаза болды", - делінген полиция мәліметінде.