Рахаттың жеңісі

Рахаттың жеңісі

Өзбекстан астанасында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер ара­сын­дағы Азия чемпионатында Рахат Бек­бо­лат жеңіске жетті.

Қызылорда ауыр атлетика мек­те­бінің тәрбиеленушісі қоссайыс қо­рытындысы бойынша 356 келі (158+198) көтеріп, қарсыласынан 14 келіге озып кетті. Осылайша, 17 жас­қа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жас­қа дейінгі жастар арасында чем­пион атанды. Серпе көтеру жат­тығуында жасөспірімдер арасында әле­м­дік рекорд орнатты. Екінші орын ирандық Аболфази Хакнурда – 342 келі (154+188), үшінші орынды өз­бек атлеті Азимджон Ходжиев иеленді. ол қос­сайыс қорытындысы бойынша 333 келі кө­терді (152 + 181).

Ауыр атлетикадан жастар мен жа­сөспірімдер арасындағы Азия чем­пио­натына Азия құрлығындағы  20 ел­ден 14 әйел және 18 ерлер командасы қа­тысты. Қазақстаннан 10 спортшы қа­тысқан еді. Олардың барлығы жүл­делі орынға ие болды. Жалпы, қа­зақстандық командада 9 алтын, 2 күміс жә­не 3 қола медаль бар.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.