ЖСДП атынан ұсынылған Нұрлан Әуесбаев президенттікке кандидат ретінде тіркелді

ЖСДП атынан ұсынылған Нұрлан Әуесбаев президенттікке кандидат ретінде тіркелді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев президенттікке кандидат ретінде тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында хабарланды.  Еске салайық, Қазақстандағы оппозициялық партия саналатын ЖСДП атынан ұсынылған кандидат - 65 жастағы Нұрлан Әуесбаев, партияның Астанадағы филиалының жетекшісі. Нұрлан Әуесбаев осыдан 16 жыл бұрын құрылған партияның атынан түскен алғашқы кандидат. Бұған дейін Жалпыхалықтық социал-демократиялық (ЖСДП) партия президент және парламент сайлауына бірнеше рет бойкот жариялаған болатын. Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелген.