Мемлекеттік қызметкерлер 507 миллион теңгесін құмар ойынға жұмсаған – прокуратура
Мемлекеттік қызметкерлер 507 миллион теңгесін құмар ойынға жұмсаған – прокуратура
© Finclub.net
155
оқылды
Мемлекеттік қызметкерлер 507 млн теңгесін құмар ойынға жұмсаған. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді. Прокуратураның дерегінше 305 мемлекеттік қызметкер құмар ойынның қармағына ілінген.
«Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құмар ойынға жұмсаған қаражаты: ҚР Iшкi iстер министрлiгi – 97 млн; ҚР Қорғаныс министрлігі – 95 млн; ҚР Қаржы министрлігі – 25 млн; Жергiлiктi атқарушы органдар – 36 млн; ҚР Қаржы мониторингі агенттігі – 15 млн; ҚР Жоғарғы Соты – 7 млн; ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – 3 млн; \Басқа мемлекеттік органдар – 27 млн», - делінген Алматы облысы прокуратурасының таратқан дерегінде.
Облыстық прокуратура тарапы аталған фактілер бойынша тексеру жүргізіп, құзыретті органдарға шара қолдану үшін жолдағандарын айтты.