Кітап көрмесі ашылды

Кітап көрмесі ашылды

Абай облыстық Абай атын­дағы кітапханада Рес­публика күніне орай «Қазақ­стан – рухы биік ұлы өлке» атты кең көлемді кітап көр­месі ашылды. Салтанатты рәсімге Жазушы­лар одағының Семей филиалы төрағасы М.Қарт, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының вице-президенті, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі О.Шә­ріп, «Жастар» орталығының өкіл­дері, «Қайнар», Д.Қалматаев атындағы Семей медициналық колледжінің студенттері қатысты. Көрменің мақсаты – жастар­дың Отанға деген азаматтық, патриоттық сезімдерін қалып­тастыру және оларды отан­сүйгіштікке тәрбиелеу. Кітапхана мамандары мәдени шараға қатысушылардың наза­рына Қазақ хандығының қалып­тасу кезеңінен бастап, Қазақ­станның даму тарихына және 30 жылдан аса уақытта жеткен әлеу­меттік-экономикалық, мә­дени, халықаралық қатынас­тардағы жетістіктерге шолу жасап, ақпараттар берді. Көрме биылғы 5 қарашаға дейін жалғасады.