Астанада үш күн демалыста көлік тұрағы тегін болады

Астанада үш күн демалыста көлік тұрағы тегін болады

Астанада үш күн бойы ақылы автотұрақтар тегін болады. Бұл туралы «Астана тұрақ кеңістігінің» ресми сайты хабарлады. Республика күнінің құрметіне 23-25 қазан аралығында, жексенбіден бастап сейсенбіні қоса алғанда қаладағы автотұрақтар тегін қызмет көрсетеді. Ал сенбі, 22 қазанда ақылы автотұраққа көлік қойған жүргізуші әр сағатына 100 теңгеден төлейді. Жалпы, ақылы автотұрақтар дүйсенбі-жұма аралығында таңғы 8:00-ден кешкі 20:00 дейін жұмыс істейді. Сенбі-жексенбі күндері тегін.