Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ерекше күтімді қажет ететін 6 700-ден астам бала көмек алды

Нұрбек БАҚЫТ
Ақпан 19, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет
Ерекше күтімді қажет ететін 6 700-ден астам бала көмек алды
58
қаралым

Қазақстанда Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Дара» Жеке қорымен бірлесіп іске асыратын «Әр алуан, бірақ тең» жобасы шеңберінде ашылған инклюзивті білім берудің 9 ресурстық орталығы және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оңалту үшін 11 ППТК жұмыс істейді. Түзету кабинеттері ашылғаннан бері 6700-ден астам ерекше қажеттіліктері бар бала көмек алды.

 

Ерекше күтімді қажет ететін 6 700-ден астам бала көмек алды

Аналардың арызы бар

Баласы көмекке мұқтаж аналар неге наразы?

Бала асырап алу оңай ма?

Бұл жоба білім беру мен дамуға қол жеткізуде ерекше қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған (ментальдық бұзылулар, аутизм және БМС, сөйлеу қабілеті дамуының тежелуі, тірек-қимыл аппаратының бұзылулары және т.б.). Осы жобаның арқасында «ерекше» балалар қоғамдық өмірге және оқуға белсенді араласады, қоғамға жақсы бейімделе алады.

«Қазақстанда инклюзияны дамыту маңызды бағыт болып табылады, өйткені денсаулық жағдайына қарамастан адамдар құқықтарының тең болуы қоғамның өсуіне ықпал етеді. ППТК және ресурстық орталықтар жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар 2 000-нан астам балаға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Самұрық-Қазына» АҚ «Қамқорлық» бағдарламасы аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорымен бірлесіп 4 000-нан астам баланы медициналық оңалтумен және педагогикалық түзетумен қамтитын қосымша 8 оңалту орталығы мен 8 инклюзивті қолдау кабинетін ашу жоспарлануда», – деп атап өтті Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

ППТК бірнеше кабинеттерді қамтиды, онда сурдологтар, логопедтер, дефектологтар, психологтар және басқа да мамандар балаларға есту, сөйлеу, мінез-құлықты түзетуге көмектеседі, оларды басқа балалармен өзара іс-қимыл жасауға үйретеді, тұрмыс жағдайында өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына үйретеді. Бұл балаларға жақсы әлеуметтенуге және жалпы білім беретін мектепке түсуге дайындалуға көмектеседі.

 

Ерекше күтімді қажет ететін 6 700-ден астам бала көмек алды

Ресурстық орталықтар мектеп базасында жұмыс істейді және осы оқу орнына барған үлкен жастағы балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Мұнда ерекше білім беру қажеттілігі бар бала оқу кезінде көмек ала алады. Қажет болған жағдайда педагогтар балалармен қосымша жеке сабақтар өткізеді, белсенді физикалық жаттығулар арқылы көмектеседі.

Инклюзивтік орталықтарды ашу үш жақты ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылады – жергілікті атқарушы орган өтеусіз үй-жайды ұсынады, коммерциялық емес ұйымдар «Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен үй-жайларды бейімдеу, кедергісіз орта құру, мамандарды материалдық-техникалық жарақтандыру және оқыту жұмыстарын жүргізеді.

Айта кетейік, ППТК Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе, Өскемен, Шымкент, Тараз, Петропавл, Орал, Семей, Екібастұз қалаларында жұмыс істейді. Ресурстық орталықтар – Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Павлодар, Өскемен, Көкшетау, Шымкент қалаларында орналасқан. Түзету кабинеттерінде немесе ресурстық орталықтарда көмек алу үшін «ерекше» балалардың ата-аналарына тұрғылықты жері бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға (ПМПК) жүгіну қажет.

Инклюзивті білім берумен қатар, Samruk-Kazyna Trust қоры «Мүгедектігі бар балалардың ата-аналары қоғамы «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚБ-мен бірлесе отырып, бейімделген дене шынықтыру бағытын дамытады. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы 150-ден астам бала инклюзивті спорт секцияларына қатысып, спортпен айналыса алады. Талдықорған қаласында тағы бір бейімделген дене шынықтыру залы жұмыс істейді, ол «Әрекет» әлеуметтік кәсіпкерлік жобасы аясында ашылды.

 
Тегтер: аутизмқамқорлықмүмкіндігі шектеулі балалар
Алдыңғы жаңалық

Әйтеке бидің шын бейнесі табылды

Келесі жаңалық

Бейбарыс сұлтан мешіті жөнделіп жатыр

Ұқсас жаңалықтар

Амур
Жаңалықтар

«Барыс» өз алаңында ресейлік «Амурды» жеңді

Қаңтар 17, 2021
Қостанай
Жаңалықтар

Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқу форматына қайта көшті

Қаңтар 17, 2021
бал
Жаңалықтар

Дәрігер-диетолог кімдерге бал жеуге болмайтынын айтты

Қаңтар 17, 2021
тамшылатып суару
Жаңалықтар

Атырауда мектеп оқушысы тамшылатып суару қондырғысын ойлап тапты

Қаңтар 17, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Барыс» өз алаңында ресейлік «Амурды» жеңді

Қаңтар 17, 21:40

Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқу форматына қайта көшті

Қаңтар 17, 21:15

Дәрігер-диетолог кімдерге бал жеуге болмайтынын айтты

Қаңтар 17, 20:51

Атырауда мектеп оқушысы тамшылатып суару қондырғысын ойлап тапты

Қаңтар 17, 20:31

Еуропа қар астында қалды

Қаңтар 17, 20:03

Қылмысты ашуға  көмектескен 19 жастағы  азамат  марапатталды

Қаңтар 17, 20:02

Өскеменде қамауға алынған әйел босанды

Қаңтар 17, 19:12
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Амур

«Барыс» өз алаңында ресейлік «Амурды» жеңді

Қаңтар 17, 2021
Қостанай

Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқу форматына қайта көшті

Қаңтар 17, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»