Қостанайда ваннадан жылан шықты – видео
Қостанайда ваннадан жылан шықты – видео
Фото: polisia.kz
1,468
оқылды
Қостанайда ваннадан жылан шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, 102 пультіне ванна бөлмесінен жылан табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Асқар Ментаев пен Серік Малғаждар барды.
«Оқиға орнына шұғыл жеттік. Онда ұзындығы 20-25 сантиметр жыланды таптық. Оның қайдан пайда болғанын біз қазір анықтап жатырмыз. Оны біреу үйде асыраған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта біз иесін іздеп жатырмыз. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері де келді», – деді учаскелік полицей Асқар Ментаев.
https://youtu.be/e3x6HYRSkGI Кейіннен мамандар ұсталған жыланның кәдімгі су жылан екенін айтты. Полицейлер жыланды қаладан алып шығып, далаға жіберді.